"Бірі боксшыдан қыз босанып алған": Жанқош Тұраров зорлады деген тағы екі бойжеткеннің бары айтылды
Боксшы ол қызды да қонақ үйге шақырып, дәрі беріп, арам ойын жүзеге асырған екен.
Боксшы Жанқош Тұраровтан зардап шеккен Әнарудан бөлек тағы екі арудың бары айтылды. Бұл жөнінде Әнару Құрманәлінің адвокаты жайып салды. Сөзінше осы жағдай елге тараған тұста дәл осы адамнан зорлық көріп, қызын өсіріп отырған әйел өздеріне хабарласқан. Бар мақсаты боксшының шынайы кім екенін дәлелдеуге көмектесу екен. Әрі Әнаруға қиын жағдайда қолдау көрсету екен.
"Жанқош Тұраров 2014 жылы тағы бір қызды дәл Әнару сияқты алдап, қонақ үйге апарып, дәрі беріп, зорлаған екен. Ол қазір боксшыдан бір қыз тәрбиелеп отыр екен. Бұл оқиға Тұраров үйленбей тұрып болыпты. Келіншектің өзі шықты бізге. Барлық жағдайын айтып, Әнаруға қолдау білдірді. Бұдан бөлек 2006 жылғы бір қызды да дәл осы әдіспен құрығына түсірген деген мәлімет жетті. Тек қыздың кім екенін қазірге анықтай алмадық",-деп жазды Әнарудың қорғаушысы.