Бекзат Саттархановтың анасы қазақ боксшыларына өкпесі барын айтты
- автор kyn.kz
- 29 тамыз, 2024
- 11.4k
Олимпиада чемпионы марқұм Бекзат Саттархановтың анасы Сырлыкүл Саттарханова Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында қазақ боксшыларына ренжулі екенін айтты. Өйткені Бекзаттай батырдың анасы аты қазақ боксшысын өз баласындай көреді екен.
– Шыныңызды айтыңызшы, кейінгі кезде қай Олимпиада чемпионы сізге келіп кетті, – деп сұрады журналист.
Бұған жауап берген Сырлыгүл Саттарханова Олимпиаданың алдында өзбек боксшылары өзіне арнайы келіп кеткенін айтады.
– Үйіме келді. Бір Икарус автобусымен келді. Жыл да келеді. Биыл да келіп кетті. Биыл мен өз бала-шағамды көрмеппін. Мен боксшыларды бала-шағам деймін. Бахтиярр Артаевтан басқа ешкімді көрмеппін, – дейді анасы.
Өзбек боксшылары Париж Олимпиадасында бес алтын медаль әкелген. Қазақ боксшылары бір күміс медальмен елге оралды.