“Махаббат ештеңеге қарамайды”: Айнұр Асқарқызы күйеуінің 6 жас кіші екенін айтты
Адам өз адамын тапса, өзіне жайлы әрі жағымды адам болса бақытты болады
“Келінжан” сериалында көріпкел рөлін сомдаған Айнұр Асқарқызы жігітінің өзінен 6 жасқа кіші екенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Блогердің Айнұр Асқарқызының сөзінше, махаббат жасқа қарамайды. Бұл туралы ол Анна Данченкоға берген сұқбатында әңгімеледі.
«Менің жігітім менен 6 жас кіші. Ол мүлдем әсер етпейді. Ол шығарып алған зат. Махаббат ештеңеге қарамайды. Адам өз адамын тапса, өзіне жайлы әрі жағымды адам болса бақытты болады. Қыздар сіздерге бір құпия айтайын, Алла тағаладан өздеріңізге жайлы әрі жағымды жұптарыңызды сұрап жүріңіздер. Ол береді. Егер сұрамадың ба, демек оған жалғыздық ұнайды. Дұғаға қосу керек. Дұғаның күші мықты. Ал екіншіден, дұғаның орындалатынына, Аллаға сену керек», - деді Айнұр Асқарқызы.