1 қыркүйектен бастап мектептерде жаңа сабақ оқытылатын болады
- автор Томирис Тоныкөк
- 29 тамыз, 2024
- 3.7k
Қазақстанда жеке қауіпсіздік сабақтары пайда болады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, сабақтар апта сайын сабақ уақытында 10 минуттан өткізіледі, тақырып жылына үш рет қайталанады.
Министрлік "Жеке қауіпсіздік" бойынша 130 сабақ дайындаған. Жаңа сабақ еліміздегі барлық балабақшалар мен мектептер мен колледждерде 1 қыркүйектен бастап оқытыла бастайды.
Сабақтың мақсаты – балаларда жеке қауіпсіздікке және басқаларды қорғауға саналы және жауапты көзқарасты қалыптастыру, сондай-ақ бабалардың төтенше жағдайларда әрекет ету дайындығын арттыру.
Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанованың айтуынша, сабақтарда балалардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейі ескеріледі.
"Бұл сабақтар балаларды қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат мен дағдыларды үйретіп қана қоймай, әлеуметтік жауапкершілік сезінуіне көмектеседі. Біз әр сабақ олар үшін пайдалы әрі қызықты болуы үшін қолдау көрсететін және ынталандыратын орта құруға тырысамыз", – деді министрлік өкілі.
Жеке қауіпсіздік сабақтарында материалды барлық жастағы балаларға қолжетімді және түсінікті етуге көмектесетін практикалық кеңестер, ойындар, интерактивті оқыту әдістері, демонстрациялар, бейнелер және практикалық оқытудың басқа түрлері ұсынылады.