Мәдениет

«Тірсегі кесілген бөлтірік»: қызметінен кеткен Азамат Сатыбалды жазба жариялап, жұртты ойландырды

Азамат Сатыбалдының «Қазақфильм» төрағасы қызметінен кеткені туралы ақпарат 31 шілдеде белгілі болды

"Қазақфильм" басшысы қызметінен кеткен Азамат Сатыбалды желіде жазба қалдырды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ол желідегі парақшасында қасқыр туралы мысалды бөліскен. Оқырмандары актердің мұнымен не айтқысы келгенін түсінбегендерін жазуда.

«Жаңадын туған қасқыр, балаларына азық іздеуге шыққанда, аңшы бөлтіріктерінің тірсегін кесіп кетеді .Тірсегі кесілген бөлтірік дімкес болады, жатып ішер. Аузын ашып тамақ сұрай береді, одан басқаға шамасы жоқ. Анасы тамақ тасумен әуре. Содан, қозғалмай жатып ішіп-жеп тойып алған қасқыр семіретіні анық. Күндердің күні туғанда.
Аңшы асықпай келіп, терісін бұзбай, олжасын алып кетеді екен. Солай”, - деп жазды ол.

Желі қолданушылары «Аңшыға жем болудан кейінгі ұрпақты сақтайық», «Осы аңызбен көп нәрсені айтты-ау», «түсінгенге терең дүние», «Не деген жұмбақ? Қалай жоруға болады» деген пікір қалдырды.

Азамат Сатыбалдының «Қазақфильм» төрағасы қызметінен кеткені туралы ақпарат 31 шілдеде белгілі болды. Ол жерде бір жыл жұмыс істеді. Азамат Сатыбалды БАҚ-қа берген сұхбатында “Қазақфильм” киностудиясымен келісімшартты ұзартқысы келмегенін айтқан. Қазір актер халықаралық киножобаларға қатысу үшін Қытайда жүр.