Қоғам

«Үш баласы бар»: заңгер егіз қыздарды зорлаған ер адамның 14 жасынан бері психикалық ауытқуы барын айтты

Психикалық ауытқуы бола тұра ер адам базарда сауда-саттық жасаған

Егіз қыздарға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткен ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы заңгер Ләззат Ракишева өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, зорлық көрсеткен ер адамның 14 жасынан бері психикалық ауытқуы болған. Алайда ол үйленген, үш баласы бар. Сонымен қатар базарда жұмыс істеген.

«Құрметті оқырмандар! Естеріңізде болса осыдан 3 ай бұрын бір автордың хатын жариялаған болатынмын. Ол жерде “көрші 30 дан асқан еркек 2 егіз қызыма сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық, азғындық жасаған “делінген хатта. Сол іске қатысты полицияға арыз жазылып, қылмыстық іс қозғалған болатын. Міне іс сотқа жетіп, бірінші сот отырысы өтті. Ең қорқыныштысы еркектің 14 жастан психикалық ауытқуы бар екен. Бірақ қалай ол үйленіп 3 баласы бар?. Қалай базарда сауда-саттық жасап жүрген ,психикалық ауытқуы бол тұра менде әлі сұрақ көп. Балаларға психологиялық көмек және медициналық көмек керек. Күнде аналарына жылайды екен көтен шегіміз ауырады деп. сол зорлықтың салдарынан балалардың денсаулықтарына зиян келтірілді. Ауылды жер болған соң мықты дәрігерлерде жоқ сияқты?», - деп жазды Рақышева.

РаРР