Саясат

Тоқаев туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевты қызметінен босатты

Ермек Маржықпаев бұл қызметке 2023 жылдың қыркүйек айында келген

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев қызметінен кетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымынан босатылды», – делінген Ақорданың хабарламасында.

Ермек Маржықпаев бұл қызметке 2023 жылдың қыркүйек айында келген.

Париж Олимпиадасы төңірегінде министрлікке сын айтылған болатын. Сонымен қатар, жақында Тоқаев шетелден спортшылар шақыруды тоқтату керектігін айтып, елдіміздің спортындағы жағдайды айтқан еді.