Мәдениет

"Миға сыймайтын түстерім": Ұланғасыр Қами Мейрамбек Беспаевтың егізін тапты

Ол өзін таныстырып жазба қалдырған

Танымал әнші Мейрамбек Беспаевқа ұқсайтын адам табылды. Бұл туралы Ұланғасыр Қамиев өзінің желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Өнер иесі көпшіліктің арасында ән салып тұрған видеосын жариялаған. Бейнежазбада Мейрамбек Беспаевқа ұқсайтын адамның барына таң қалғаны көрінеді.

"Менің миға сыймайтын түстерім. Мейрамбек Беспаев ағамызға қатты ұқсайды екен", - деп жазды Ұланғасыр Қами.

Кейіннен видеодағы азаматтың аты-жөні белгілі болды. Ол өзін таныстырып жазба қалдырған.

"Ассалаумағалейкум. Мен Мейрамбек Бесбаев емеспін, Ерлан Нұртазаевпын", - деп жазды.