«Мені жігерлендіреді»: Демеу Жадыраев жетістікке жетуіне әйелінің көмегі зор екенін айтты
Тікелей эфирде сұхбат беріп отырған спортшы жарына алғысын білдірді.
Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев оның жеңісіне әйелінің қосқан үлесі көп екенін айтты. Бұл туралы ол Қазақстан Ұлттық арнасына берген сұхбатында әңгімеледі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Тікелей эфирде сұхбат беріп отырған спортшы жарына алғысын білдірді. Айтуынша, әйелі оған әрдайым қолдау көрсетеді.
«Мені осы жетістікке жетуіме әйелімнің қосқан үлесі зор. Әрқашан қолдап, маған сенді. Өте көп көмектесті, алғысымды білдіремін. Әрдайым түсіністікпен қарайды. Мені жігерлендіреді, көп қолдау білдіреді. Керек кезде дөп тигізіп, жадыратып жіберетін кездері бар», – дейді Демеу Жадыраев.