 
 Бүгін Тоқаевтың Жарлығымен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымынан босатылған болатын
 Туризм және спорт министрі қызметінен кеткен Ермек Маржықпаев мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
“Бүгін ҚР Туризм және спорт министрі лауазымындағы қызметім аяқталды. Бұл менің өмірімдегі өте маңызды кезең болды. Президент пен Үкіметке маған артқан сенімі үшін, сондай-ақ әріптестеріме бірлесе жұмыс істегені үшін алғысымды білдіремін. Отандық туризм мен спортта қолға алған бастамалар алдағы уақытта жалғасын тауып, жемісін береріне сенемін”, - деді экс-министр.
Айта кетсек, бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымынан босатылған болатын.
 Келесі мақала 
 Еліміз бойынша 352 мың оқушы мектеп табалдырығын аттады
Ұқсас жаңалықтар
 Саясат   
 Тоқаев Абзал Нүкеновті Президент әкімшілігіндегі қызметінен босатты
- авторТомирис Тоныкөк
- 27 қазан, 2025

 
 





