Президент инвестор тарту ісіне атсалыспай отырған әкімдер мен министрлерді сынады
Президент:Дүние жүзінде инвестицияға талас өршіп тұрған кезде елге қаржы тарту үшін «дәл осы жерде және дәл қазір» қағидасы бойынша шешім қабылдау – ең қажет шара.
Инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту жолында үздіксіз жұмыс істеу маңызды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл туралы Қазақстан халқына жолдауында айтты, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы инвестиция тартуда әкімдер мен министрлер жұмысына көңілі толмайтынын да жеткізді. Осы орайда Үкіметке тапсырма берді.
Тоқаев мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы іске асырылатын жобаларды сапалы әзірлеу қажеттігін де тілге тиек етті.
Мен биыл мамыр айында «Экономиканы ырықтандыру шаралары туралы» Жарлыққа қол қойдым. Бұл құжатта көрсетілген талаптар мүлтіксіз орындалуға тиіс, - деді Тоқаев.