Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жақын күндері Қазақстанда қар жауып, күн бірден суытады

Жақын күндері Қазақстанда қар жауып, күн бірден суытады
Сурет: pixabay.com
Түнде және таңертең солтүстік және шығыс аймақтарда тұман түсіп, 2 градусқа дейін үсік болады

Синоптиктер Қазақстанда 3, 4 және 5 қыркүйекте ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Республиканың солтүстігі мен шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, 3 қыркүйекте түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Батыс пен оңтүстікте солтүстік-батыс антициклонының екпінімен ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Республика бойынша жел күшейеді. Түнде және таңертең солтүстік және шығыс аймақтарда тұман түсіп, 2 градусқа дейін үсік болады.

«Сондай-ақ күндіз ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтіледі: республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында +8...+15, оңтүстігінде +20...+28 градусқа дейін», - делінген хабарламада.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар