Беті қан: Астана мешітінде қолына пышақ ұстаған ер адам жиналғандарды шошытты (ВИДЕО)
36 жастағы күдікті ұсталып, полиция бөлімшесіне түсті.
Астананың оң жағалауында орналасқан мешіттердің бірінде шапан киген ер адам өзін-өзі пышақтап тастады деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы видео желіде тарап кеткен.
бейнежазбадан ер адамның беті қанжоса болғанын байқауға болады. Оның үстінде қара шапаны бар. Ер адамды оншақты полиция қызметкері қоршап алған.
Астана қаласы полиция департаментінің мәліметінше, азаматтың жасы 36-да. Болжам бойынша ер адам психикалық диспансерде есепте тұрады.
«102 каналына белгісіз ер адам қолына пышақ алып, адамдарға қауіп төндіргені туралы ақпарат тарады. Оқиға орнына полиция дереу жетті. 36 жастағы күдікті ұсталып, полиция бөлімшесіне түсті. Оның пышағы тәркіленді. Тексеру кезінде анықталғандай, азамат 2006 жылдан бері психологиялық диспансерде есепте тұрады», — деп хабарлады полиция департаменті.