Мәдениет

Айгүл Иманбаева алғаш рет көпшілікке жолдасын көрсетті (ВИДЕО)

Лос-Анджелес қаласында палестиндіктердің мешітінде жаңа жыл қарсаңында некемізді қидық

Әнші, актриса Айгүл Иманбаева алғаш рет күйеуімен неке қию сәтінің видеосын көрсетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол айгерім Сейфолланың "Сырласу" бағдарламасында жария етті. Жұбайлар некесін Лос-Анджелес қаласындағы палестиндіктердің мешітінде қидырған.

"Бұл – неке қию сәті. Лос-Анджелес қаласында палестиндіктердің мешітінде жаңа жыл қарсаңында некемізді қидық. Ұлым мен құрбым арнайы ұшып келді. Әкем бұл дүниеде жоқ болғандықтан әкемнің орнына аманаттап мені жолдасыма ұлым тапсырды", - деді әнші.

Сонымен қатар актриса күйеуінің есімі Ерлан екенін айтты. Ұлы тұрмысқа шығуына қарсы болмаған.