Салтанат Нүкенованың қазасы: Байжанов сот шешімін қайта қарау туралы арызынан бас тартты
Өтінішті қайтару туралы ресми қаулы 4 қыркүйекте шығады
Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты екінші сотталушы Бақытжан Байжанов сот шешімін қайта қарау туралы кассациялық арызынан бас тартты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Жоғарғы соттың мәліметінше, Бақытжан Байжанов сот шешімін қайта қарау туралы кассациялық арызын қайтарып алған.
“26 тамызда Байжанов сот актілерін қайта қарау туралы кассациялық өтінішін қайтарып алды. Өтінішті алдын ала қарау жүргізілмейді. Өтінішті қайтару туралы ресми қаулы 4 қыркүйекте шығады”, – делінген хабарламада.