Желіде "ең байсалды" оқушының видеосы тарады (ВИДЕО)
Оның есімі – Арнұр. Ол N-59 мектеп-гимназиясының 1 «А» сынып оқушысы екені белгілі болды
Алматыда мұңайып тұрған бірінші сыныптың оқушысының видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Tengri Edu сайты видеоның авторын іздеп тауып, бала туралы сұрап қайтқан.
29 жастағы қазақстандық фотограф Айбек Төлеп мұңайып отырған бірінші сынып оқушысын видеоға түсіріп, оны желіде бөліскен. Оның айтуынша, аталмыш видеоны 1 қыркүйек күні Алматыдағы мектептердің бірінде түсірген.
Видео 3000 пікір жинап үлгерген. Бөліскендер саны 46 мыңға жетіпті. Желі қолданушылары бұл бала өмірден көп нәрсені түсінген екен деген секілді қалжыңдап пікірлер қалдырған.
Айбек Төлеп видеоға түсіруге келгенін айтады. Алайда мұңайған баланы көргенде бірден сақтап алыпты.
«Алғашқы қоңырау күні мектеп оқушыларын видеоға түсірдім. Бұл бала маған қатты әсер етті, қатарластарының арасында ерекшеленіп тұр екен. Бірден түсіріп алдым. Мен бұл баланы танымаймын, оның ата-анасы маған хабарласпады», - дейді сұхбат берген фотограф.
Алматы қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі видеоға қатысты пікір білдірді. Оның есімі – Арнұр. Ол N-59 мектеп-гимназиясының 1 «А» сынып оқушысы екені белгілі болды.
«Ол көп балалы отбасында өскен. Анасы мұғалім. Баладан неге бұлай тұрсың деп сұрағанда: «Әнұранды жалғыз айтуым керек» деді», - деп жауап берді білім бөлімі.