Павлодарда жүкті әйелді қайын інісі үтікпен ұрып, 9 айлық баласын түсіріп тастаған
17 жастағы павлодарлық ақталуға тырысқан
28 жастағы Гүлмира Қарсыбаеваны күйеуінің інісі ақпан айында гантельмен ұрған. Салдарынан ішіндегі 9 айлық баласынан айырылып қалған. Ол басынан ауыр жарақат алып, бірнеше ота жасалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ауруханаға түскен Гүлмира Қарсыбаеваның есінде ешнәрсе қалмаған. Сотта күйеуінің інісі оны үтікпен ұрғаны белгілі болды. Тергеушілер жәбірленуші бірнеше рет галтельден соққы алғанын да анықтады.
«Үтікте және гантельде қан іздері болды. Тіпті гантельде шаш жүрді. Сот сараптамасы үтіктегі қан мен гантельдегі шаштың Қарсыбаеваға тиесілі екенін анықтады», - дейді Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бақыт Нұрланов.
Сот оның 12 ақпан күні таңертең мефедрон қабылдағанын анықтады. Ағасы жұмысқа кеткенде інісі жеңгесінің бөлмесіне кірген. Ұрсысып ары қарай үтікке жүгірген. Жәбірленушінің айтуынша, ол бұрын да онымен кикілжіңге көп келетін болған.
17 жастағы павлодарлық ақталуға тырысқан.
«Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша жазаны ішінара қосу арқылы түпкілікті түрде тоғыз жыл бес тәулікке бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеу тағайындалсын», - деп үкімді оқыды судья.
Жігіт адам өлтіруге оқталды және заңсыз есірткі қолданғаны үшін кінәлі деп танылды. Сонымен қатар кәмселет жасқа толмаған сотталушының анасы жәбірленушіге моральдық шығын үшін жеті миллион теңге төлеуге міндеттелді.