«Осы нәрсе маған жүк болып кетті»: Мереке Қалбаева өзінен 6 жас кіші күйеуінен жасырған сырын желіде бөлісті
Блогер 200 млн-ға жуық қарызға батқан
Блогер, әрі актриса Мереке Қалбаева 200 млн-ға жуық қарызға батқан. Бірақ оны өзінен 6 жас кіші күйеуіне мүлдем тіс жармаған, деп жазады KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы блогердің әлеуметтік желіде мәлімдеді.
«Осы нәрсе маған жүк болып кетті. Әрдайым осы істеп жатқан нәрселерімді Арсеннің білмегені маған бататын еді. Негізі Арсен тастамайды ғой. Құдай сақтасын, ажырасып та кетпеймін. Бірақ, білмеймін. Себебі, біз 3,5 млн-ға ажырасып кеткен адамбыз. Ажырасып, қосылған… Қазір не болатынын да елестете алмаймын», — дейді ол.
Блогер 200 млн-ға жуық қарызға батқан. Бірақ 100 млн-нан 4 айда құтылғанын жазды.