Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

15,5 млрд теңге: Қазақстанда АЭС салу бойынша референдумға қанша қаражат жұмсалатыны белгілі болды

15,5 млрд теңге: Қазақстанда АЭС салу бойынша референдумға қанша қаражат жұмсалатыны белгілі болды
Сурет: neftegaz.ru
"Конституциялық заңның 28-бабына сәйкес ОСК шығындардың шамамен сметасын әзірлейді және үкіметке қарауға ұсынады

Қазақстанда АЭС салу бойынша референдумды ұйымдастыруға және өткізуге 15,5 млрд теңге жұмсалатынын орталық сайлау комиссиясы өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

ОСК мүшесі Сәбила Мұстафинаның сөзінше, шығындар сметасы есептелініп үкіметке жіберілген.

 "Конституциялық заңның 28-бабына сәйкес ОСК шығындардың шамамен сметасын әзірлейді және үкіметке қарауға ұсынады. Жарлық шыққаннан кейін бүгін таңертең ол орындалды. Мемлекет басшысы референдум өткізудің болжамды мерзімдерін бірнеше рет атап өткендіктен, біз алдын ала дайындалып, шығындардың жалпы сомасын есептедік, бұл біздің болжамды сметамызға сәйкес 15,5 миллиард теңгені құрайды", - деді Орталық комиссияның мүшесі Сәбила Мұстафина.

Оның айтуынша, бұл сомаға 70 мыңнан астам азаматтың жалақысы және ұйымдастырушылық да шығыстар кіреді.

"Бұл сметада жалпы соманың 71 пайызы барлық органның комиссия мүшелерінің еңбекақысын құрайды, бұл 70 мыңнан астам азаматтың жалақысы. Қалған 29 пайызы басқа да ұйымдастырушылық шығыстарға – ақпараттық сүйемелдеуге, бюллетеньдер дайындауға, типографиялық өнімдерге, кеңсе тауарларына және учаскелік сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру үшін қажет нәрсенің бәріне бағытталған", - деді спикер.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар