Қоғам

Қайрат Сатыбалды бостандыққа шықты

Бұған дейін сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін 6 жылға сотталған Қайрат Сатыбалды бүгін бостандыққа шықты.

Сот оның шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығу туралы өтініші мен күшіне енген үкімін қанағаттандырған болатын.

Енді ол қалған 3 жыл 3 ай және 7 күн мерзімді Алматыдағы пробациялық бақылауда өткізеді.

Түрмеден оны шартты түрде 8 жыл мерзімге жаза алған інісі Самат Әбіш күтіп алғаны белгілі болды.

Еске сала кетейік, Қайрат Сатыбалды кінәсін мойындап, халық пен президенттен кешірім сұраған еді.