Мәдениет

«Өз баласы мен әйелін тастап»: актер ер азаматтарға балалы әйелге үйленсе, несібесі артатынын айтты (ВИДЕО)

Байқасам сондай адамдар жетістікке жетеді.

Белгілі актер Бауыржан Сатов ажырасқан әйелге үйленсе, ер адамның несібесі артатынын айтты, деп  хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл пікірі желіде тарап, көпшіліктің талқысына түсті.

«Ажырасқан, баласы бар әйелді алған ер азаматтың несібесі көп болады. Олар ішіндегі саяз ойларын алып тастап, жүрегіне кеңдік беріп үйленеді. Ол әркімнің қолынан келе бермейді. Баласы бар болса да қарамай жатамыз. Ал ондай адамға Алла ризық береді. Ол өзіне, әйеліне, баласына ризық алады. Байқасам сондай адамдар жетістікке жетеді. Оны айналамнан көп көріп жүрмін», -деді актер.

Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі актердің сөзін мақұлдап «Терең ойлайтын адамдар бар екен» деп жазса, енді бірі «Ажырассам қалай болады деген әйелге мотивация беріп отырсың» деп сөге жөнелді.