Мәдениет

«Мені Ғаниды отбасынан ажыратып, қолына кіргізіп алды деген»: Жеңіс Ысқақова белгілі актердің досы екенін айтты

Мені Ғаниды отбасынан ажыратып, қолына кіргізіп алды деп өсек таратқан

Әнші Жеңіс Ысқақова қыз бен жігіттің арасындағы достық туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.  

Ол актер Ғани Құлжановпен қырық жылдан бері дос болып жүргенін айтты. 

“Ғани Құлжанов деген досымның үйіндемін. Менің 20 жыл бұрынғы концертіме шақыру билетімді сақтапты. “Әнім сен едің” деген шығармашылық кешімде шақырту жіберген болатынмын. Міне, нағыз достық! Ұаншама үй алмастырып, пәтер жалдап жүрсе де, қоқыс болып бір бұрышта қалмапты. Қыз бен Жігіттің достығы деген осы емес па?!”, – деп жазды әнші. 

Сондай-ақ, өнер иесі өз үйінде Ғаниға бөлме дайындап қойғанын айтты. 

“Менің үйімде Ғанидың бөлмесі бар. Астанада тұрғанымен, Алматыға жиі келеді. Сол кезде біздің үйге келіп, бөлмесінде демалады. Екеумізді халық ажыратып, неше түрлі әңгіме айтқан. Мені Ғаниды отбасынан ажыратып, қолына кіргізіп алды деп өсек таратқан. Ондай жағдайлар болған емес. Біздің қыз бен жігіт болған достығымыз қырық жылға таяды”, – деді өнер иесі.