Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Өз балаларын сау күйінде әскерге жіберген»: Ермұрат Бапи қиын жағдайда жатқан Ербаян Мұхтарға қатысты пікірін білдірді

«Өз балаларын сау күйінде әскерге жіберген»: Ермұрат Бапи қиын жағдайда жатқан Ербаян Мұхтарға қатысты пікірін білдірді
Сурет: Ашық дереккөздерден
Қарулы күштеріміз өз сарбаздарын жарақаттауды көздемейді

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи әскерге барып, қазір қиын жағдайда жатқан Ербаян Мұхтарға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, қоғам қандай болса, әскер де соған сай.

"Мен де әскерге барған адаммын. Қарулы күштеріміз өз сарбаздарын жарақаттауды көздемейді. Қоғам болғасын бәрі болады. Генерал мен офицерлер жауапкершіліктен қаша алмайды. Ата-аналар Отан алдындағы борышын өтеу үшін өз балаларын сау күйінде әскерге жіберген. Олардың талап етуі орынды. Қандай қоғам болсақ, армиямыз да соған сай", - деді депутат. 

Журналистер депутаттан Ербаянның емі, дәрі-дәрмек, жөргектеріне қарапайым халық ақша жинап бергенін, бірақ министрлік үнсіз қалғанын сұрады.

«Ақпаратты әсірелеп жібергенсіңдер. Памперспен қамтамасыз ету мәселе ме? Дүкенде памперстер сатылады. Мен жігіттің қиын жағдайға тап болғанына келісемін. Меніңше, бұл жігітке армия мен медиция қызметкерлері жауығып отыр. Памперс  проблема емес, жалпы біздің қоғамда памперс тақырыбы көтеріле бере ме?» - деп жауап берді. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар