Саясат

Әйелге анайы ұсыныстар жасаған депутат Асқар Садықов Мәжілістен қуылды

«Ақ жол» партиясының басшысы Азат Перуашев Асқар Садықовты партиядан шығаруға қатысты маңызды мәлімдеме жасады.

Садықовтың партиядан шығарылуы пленумда қаралған шағымдар негізінде қабылданды. Мұның басты себебі ретінде оның өкілеттігін асыра пайдалану және этикалық нормаларды бұзуы себеп болды.

Партия жетекшісінің айтуынша, Садықовтың парламентте жұмыс істейтін бір әйелге бірнеше рет ұятсыз ұсыныс жасап, қысым көрсеткені туралы арыз түскен. Арызданушы 17 сәуірде оның қорлаған ұсыныстарына жауап бермегенін, 15 мамырда бұл әрекеттер қайталанғанын айтады. Оның айтуынша, экс-депутат бірнеше рет жыныстық бопсалауға барған. Алайда, оның депутаттық қол сұғылмаушылығы салдарынан жәбірленуші құқықтық қорғау орындарына жүгіне алмаған.

Партия жетекшісі осындай заңсыз әрекеттерге жол берілмейтінін айтып, ескерту жасағаннан кейін, А. Садықов өзіне депутаттық мәртебе берілгенін және «кімге не қаласа, соны айтуға құқылы» екенін мәлімдеген. Бұл жағдай пленумның А.Садықовты депутаттық мәртебесінен айыру және партиядан шығару туралы шешім қабылдауына себеп болған. Осы шешім жәбірленушінің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға мүмкіндік берді.

Перуашев Садықовтың теріс әрекеттері туралы басқа да фактілердің бар екенін атап өтті. Олардың кейбіреулері құқық қорғау органдарының да назарын аударуы мүмкін екенін айтты. Партия қажет болған жағдайда құқықтық көмек көрсетуге дайын екендігін білдірді.

Жағдайдың айқындылығын қамтамасыз ету үшін партия басшысы Садықовтың іс-әрекеттері туралы ақпаратты көпшілікке жариялауға мәжбүр болғанын атап өтті. Ол экс-депутаттың өзін 1937 жылғы репрессия құрбандарымен салыстырып, «шындық үшін жазым болғандай» көрсетуіне байланысты үнсіз қалуға болмайтынын түсіндірді.

Осылайша, қоғамда тараған қауесет пен алып-қашпа әңгімелерге нүкте қою мақсатында, партия бұл мәселеге қатысты нақты фактілерді жария етуге мәжбүр болған.

Еске салсақ, 29 тамыз күні мәжіліс депутаты Асқар Садықовтың мандатынан айырылғаны белгілі болды.