Калейдоскоп

«1 градус үсік»: 5 қыркүйекке арналған ауа-райы болжамы жарияланды

Еліміздің басым бөлігінде найзағай жарқырап, жаңбыр жауады

"Қазгидромет" РМК 5 қыркүйекке арналған ауа-райы болжамын жариялап, солтүстік аймақтарда үсік күтілетінін мәлім етті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Еліміздің басым бөлігінде найзағай жарқырап, жаңбыр жауады. Қазақстанның батысында ғана антициклонның әсерінен ауа-райы жауын-шашынсыз болады. Сонымен бірге ел бойынша желдің күшеюі күтіледі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік-батыста, орталықта тұман болады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, Қостанай облысының солтүстік-батысында түнде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

Ұлытау, Жетісу облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында, солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының орталығында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысыының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.