Қоғам

«Өмір – бумеранг»: белгілі әнші экс-депутат Асқар Садықовтың қызы болып шықты

Қызының харассментке ұшырағанын біле тұра, өзі де сондай сипаттағы қылық көрсеткен экс-депутатты желі қолданушылары сынға алды

Қызметінен шеттетілген экс-депутат Асқар Садықов әнші Dequin-нің әкесі болып шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Данеля Садықова алғаш рет әкесінің депутат екенін айтқан болатын. Төрт жыл бұрын ол өнердегі әріптестері харассмент сипаттағы қылық көрсетті деп айыптаған еді.

“Неліктен қыздар “бәрін ұмыта сал” дегенге көну керек. Біреу оның денесіне қол тигізсе күлкіге қалады. Денеме рұқсатсыз қолын тигізген адам үшін мен неге ұялуым керек. Мен үш рет танымал рэперлерден жапа шектім. Үш рет оларды жазасыз қалдырды. Бұдан кейін үнсіз қала алмаймын”, – деген еді Данеля Садықова.

Қызының харассментке ұшырағанын біле тұра, өзі де сондай сипаттағы қылық көрсеткен экс-депутатты желі қолданушылары сынға алды.

Желі қолданушылары “Қызы еліне ренжіп, Ресейге көшіп кетті”, “Әкесінің абыройынан айырылғаны жақсы болды. Өте нашар кісі еді “Өмір – бумеранг деген осы”, “Қызы мен анасы адамды адам құрлы көрмейтін еді. Мейрамханада менсінбей жүретін» деп жазды.