Париж Олипиадасына қатысқан спортшыны жігіті бензин шашып өртеп жіберді
Ребекка Чептегеи 33 жаста еді
Париж Олимпиадасына қатысқан Ребекка Чептегеи көз жұмды. Ол мәрені 44-ші болып кескен болатын, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оған жігіті бензин шашып өртеп жіберген. Спортшы денесінің 75 пайызын қатты күйік шалған.
Бұл оқиға Кенияның Транс-Нзоя округінде болған. Екеуінің арасындағы жанжал мүліктен туындаған. Шіркеуден балаларымен үйге оралған Ребекканы бұрынғы жігіті Диксон Ндима Рид күтіп алып, шу шығарған.
Денесі күйген спортшы шұғыл түрде Эльдореттегі Moi University and Referral Hospital университеттік ауруханаға жеткізілген. Алайда, оны құтқарып қалу мүмкін болмады. Ол 33 жаста еді.
Айта кетсек, Ребекка Чептегеи 2021 жылғы таулы және трассалық жүгіруден әлем чемпионатына қатысып, алтын медаль жеңіп алды.