«Анамды сағына беремін»: Арсен Ералиев анасы қайтқан күнді есіне алды
Анамды сол жерден денесін өзім алып келдім
«Қазақтың Ақбаяны» атанған Мадина Ералиеваның ұлы Арсен анасының денесін өзі ұшақпен алып келгенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол “Астарлы ақиқат” бағдарламасында әңгімеледі. Айтуынша, анасының қазасын Нағима Есқалиева мен достары естірткен.
“2000 жылдың қараша айы әлі күнге дейін есімде. Нағима Есқалиева мен анамның достары Салман мен Алексей анамның өлімін естіртті. Басында сенбедім. Өң мен түс арасында жүргендей болдым. Үйге адамдар жинала бастады. Бүкіл әншілер, туысқандар келе бастады. Сосын біз Қызылорданың Байқоңыр өңіріне чартерлік рейспен ұшып кеттік. Анамды сол жерден денесін өзім алып келдім. Уақыт өткен сайын анамды сағына беремін. Ол мені қорғап жүретінін білемін”, – дейді ұлы.
Айта кетсек, марқұм Мәдина Ералиеваның күйеубаласы әншінің қазасы туралы айтқан болатын.