Спорт

Паралимпиада ойындарында Ерғали Шәмей күміс жүлдегері атанды

Ерғали 73 келі салмақта (J1 санаты) финалға дейін жетіп, ақтық сында румыниялық Флорин-Александру Бологаға жол берді

Қазақстандық парадзюдодист Ерғали Шәмей 2024 жылғы Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ерғали 73 келі салмақта (J1 санаты) финалға дейін жетіп, ақтық сында румыниялық Флорин-Александру Бологаға жол берді. 

Осылайша, Париждегі Паралимпиада ойындарын күміс медальмен аяқтады.

Паралимпиада ойындарындағы Қазақстан құрамасының жүлделер саны жетеуге жетті. 

Алтын медальді Давид Дегтярев (пара пауэрлифтинг) пен Акмарал Науатбек (пара дзюдо) жеңіп алса, мерген Еркін Ғаббасов пен жүзгіш Нұрдәулет Жұмағали күміске қол жеткізді. Қола жүлдегерлер қатарында Дастан Мұқашбеков пен Даяна Федосова бар.