Маңғыстауда 58 оқушы астан уланды
Маңғыстау облысындағы Мұнайлы ауданында бір мектетептің оқушылары астан ұшынды
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ұсынған мәліметке сәйкес, 6 қыркүйек күні кешкі уақытта №8 мектептің 21 оқушысы жедел жәрдем шақырта бастады. Барлығы іштің ауруы мен дене қызуына шағымданды.
Бүгінгі күні, сағат 13:15-тегі жағдай бойынша 58 бала медициналық көмекке жүгінді. 26 бала емханада ем қабылдап жатыр, 27 бала үй жағдайында бақылауда, 5 бала ауруханада жатыр", - дейді басқарма мамандары.
Қазіргі кезде Маңғыстау облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаменті оқушылардың неден уланғанын анықтауға кірісті.