Саясат

Ел көзіне түспей кеткен Нұрсұлтан Назарбаев Бұхара қаласын Өзбекстан президентімен бірге аралады (ВИДЕО)

Ол қаланың тарихи-мәдени көрікті жерлерімен танысу үшін барған

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бұхара қаласында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен бейресми кездесті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Ол қаланың тарихи-мәдени көрікті жерлерімен танысу үшін барған. Сол жерде Назарбаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен жолыққан. Назарбаевтың сапары Мирзиеевтің Бұхараға арнаулы жұмыс сапарымен тұспа-тұс келген.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиеев Бұхараның бірқатар маңызды және көрікті жерін аралаған. Олар қаланың мәдени-тарихи мұрасын талқылап, оның Өзбекстан үшін ғана емес, бүкіл өңір үшін маңыздылығын атап өтті.