Мәдениет

«Қиын екен»: Сәкен Майғазиев тойда жаттығу жасады (ВИДЕО)

Қарапайым отжиманияны 70 пен 100 реттің арасында жасай беремін

«МузАРТ» тобының әншісі Сәкен Майғазиев тойда жаттығу жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, өнер иесі 100-ге дейін отжимания жасай алады. Бұл спорттық жаттығу эстафетасын әріптестеріне арнады.

«Қарапайым отжиманияны 70 пен 100 реттің арасында жасай беремін. Ал мына түрі қиын екен. Сенбесеңіз жасап көріңіз. Осы спорттық жаттығу эстафетасын өнердегі бауырларыма жолдаймын, – деді ол.

Сәкен Майғазиев бұл жаттығуды 18 жасқа толмаған жасөспірімдердің  қайталамағанын ескертті.

«Егер жасың 18-ге толмаса, үйде жасамаған дұрыс. Отжиманияның мына түрін 4-ақ рет жасадым», – деп жазды ол. 

Желі қолданушылары әншінің спортпен айналысатынына қызыға қарап, пікірлер қалдырды. «Мықтыны мықты деп мойындау керек», «жастарға күшті үлгі», «Сегіз қырлы, бір сырлы» деген секілді пікірлер қалдырды.