«Тоқал алып, жүрегімді жаралап, ыстық сумен денемді күйдірді»: талдықорғандық әйел емші күйеуінің күн көрсетпейтінін айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 9 қыркүйек, 2024
- 681
Талдықорғандық Бұлтай Қайса емші күйеуінен әбден қорлық көрген. Оның дағдарыс орталығын паналап жүргеніне бір айдан асыпты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі «Көреміз» бағдарламасына сілтеме жасап.
Сөзіне сенсек, емші күйеуі әйелінің денесін ыстық сумен күйдірген.
«Үйге келген қонақты мен күтуім керек. Тоқал бір күн тұрып жұмыс істеген жоқ. 2022 жылы алып келді оны. Ата-енем, мен, тоқал бәріміз бір аулада үш үйде тұрамыз. Соғыс бастайды, одан кейін мені сабайды. Мен құл болдым»
Ал өзін халық емшісі деп санайтын Абданбек Мамырбекке тоқалды бәйбішесінің айтуы бойынша алған.
«Мен Халық емшісімін. Ата-бабамыздан сондай қасиет берілген. Бәйбішемді жақсы көремін. Мен тоқал алайын деп алған жоқпын. Тоқалды осы кісінің мәжбүрлеуімен алдым», - дейді Абданбек Мамырбек.
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
Ұқсас жаңалықтар
TikTok-қа видео түсірген: Павлодарда мұғалім оқушыны ішінен ұрды
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024
Енді камералар жүргізушілерге уақытты есептеу арқылы айыппұл салады
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024