«Орамалым үшін концерттерге қатыстырмайды»: Мөлдір Әуелбекова өзін сахнадан шеттететінін айтты
Үлкен сахнаның бір бұрышын маған қимай жүргендерге, өзім-ақ сол сахнаны босатып бере саламын-ау…
Әнші Мөлдір Әуелбекова өзін орамалы үшін көп жерлерге шақырмайтынын және жобаларға қатыстырмайтынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, қазіргі кезде тек Мейрамбек Бесбаевтың жобасына ғана қатысып жүр.
“Мені орамалым үшін телевизиялық жобаларға және көптеген концерттерге қатыстырмайды. Енді, ойланып жүрмін, үлкен сахнаның бір бұрышын маған қимай жүргендерге, өзім-ақ сол сахнаны босатып бере саламын-ау…Мен қатысып жүрген бір ғана жоба бар, ол – Cover show! Себебі Мейрамбек Бесбаев ағам шын таланттарды ештеңеге қарамастан қолдайды. Рақмет, жан ағам, ән ағам”, – деп жазды әнші.
Әншінің бұл ойы оқырмандарын уайымдатып қойды. Бірі сахнаны тастап кетпеуін өтінген. Ал кейбірі сахна тәртібіне бағынуды ұсынған.