Қазақстанда шенеуніктерге құмар ойын ойнауға тыйым салатын заң күшіне енді
9 қыркүйекте Қазақстанда ойын бизнесі және лотерея қызметі мәселелері бойынша заңға енгізілген түзетулер күшіне енді.
Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарды ойнауға тыйым салатын заң күшіне енді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Дүйсенбі, 9 қыркүйекте Қазақстанда ойын бизнесі және лотерея қызметі мәселелері бойынша заңға енгізілген түзетулер күшіне енді.
Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау мәселелеріне өзгерістер енгізілетін заңға қол қойған болатын.
Енді мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнайы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың басшылары да құмар ойындард ойнай алмайды, бәс тікпейді.
Шектеуді сақтамаса оларды жұмыстан шығарылады. Ойын бизнесін ұйымдастырушылардың қызметін реттеу тетіктері күшейтілді.
Букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды жарнамалауға шектеу қойылды. Букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды сыртқы (көрнекі) жарнамалауға, оларды көлік құралдарында, бұқаралық ақпарат құралдарында, кино, видео және анықтамалық қызмет көрсетуде жарнамалауға тыйым салынады.