Спорт

Бас прокурор Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке қымбат сыйлық табыс етті

Чемпионды Олимпиада ойындарындағы жеңісімен құттықтады

Бас прокуратура Олимпиада чемпионына алғыс хат пен бағалы сыйлық табыс етті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бас Прокурор Дзюдодан ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Е.Сметовпен кездесу өткізді.

Чемпионды Олимпиада ойындарындағы жеңісімен құттықтады. Сондай-ақ, оның отандық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан зор үлесін атап өтті.

Бас прокуратура басшылығы Елдос Сметовке алғыс хат пен бағалы сыйлық табыс етті.

Кездесу барысында спортшы Бас прокуратураның дене шынықтыру-сауықтыру кешенімен танысты.