«Нағыз бақыттың не екенін түсінгендеймін»: Ерке Есмахан өміріндегі өзгерісті айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 10 қыркүйек, 2024
- 357
Белгілі әнші Ерке Есмахан өміріндегі өзгерістері жайлы айтып, нағыз бақыттың не екенін түсініп жатқанын айтты, деп хабарлады KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, нағыз бақыт – ішкі тыныштық. Әнші үйден шықпай-ақ бақытты болып жүргенін жеткізді.
«Бір кездері мен көп жұмыс істеп, ұшып қонып, еш жерден қалмай, жарқ-жұрқ еткен орталарда жүріп, назардың бәрі менде болғанына керім, күштімін — «осы менің бақытым» дейтінмін. Сөйтсем, қазір тіпті үйден шықпай, ешкіммен жағаласпай, нағыз бақыттың не екенін түсінгендеймін. Нағыз бақыт — ішкі тыныштық… Шүкір! Сіздерде қалай?», — деп жазды әнші Ерке Есмахан.
Айта кетсек, Ерке Есмахан жұбайы екеуінің желідегі парақшасында қыркүйек айына жоспарланған Америкадағы концерттері кейінге қалдырылғанын айтқан болатын.
Актер Үсіпхан Сейтімбет қайтыс болды
Ұқсас жаңалықтар
«Бөтенге ақша шығарыңыз!»: Баян Мақсатқызы көпшілікке үндеу жасады
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024