Мәдениет

«Нағыз бақыттың не екенін түсінгендеймін»: Ерке Есмахан өміріндегі өзгерісті айтты

Әнші үйден шықпай-ақ бақытты болып жүргенін жеткізді

Белгілі әнші Ерке Есмахан өміріндегі өзгерістері жайлы айтып, нағыз бақыттың не екенін түсініп жатқанын айтты, деп хабарлады KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, нағыз бақыт – ішкі тыныштық. Әнші үйден шықпай-ақ бақытты болып жүргенін жеткізді.

«Бір кездері мен көп жұмыс істеп, ұшып қонып, еш жерден қалмай, жарқ-жұрқ еткен орталарда жүріп, назардың бәрі менде болғанына керім, күштімін —  «осы менің бақытым» дейтінмін. Сөйтсем, қазір тіпті үйден шықпай, ешкіммен жағаласпай, нағыз бақыттың не екенін түсінгендеймін. Нағыз бақыт — ішкі тыныштық… Шүкір! Сіздерде қалай?», — деп жазды әнші Ерке Есмахан.

Айта кетсек, Ерке Есмахан жұбайы екеуінің желідегі парақшасында қыркүйек айына жоспарланған Америкадағы концерттері кейінге қалдырылғанын айтқан болатын.