Байзақтағы жарылыс: сотталған сарбаздар 23 миллиард теңге төлеуге міндеттелді
- автор Томирис Тоныкөк
- 10 қыркүйек, 2024
- 1.1k

Шымкентте №28349 әскери бөлімінің инженерлік оқ-дәрілер қоймасының өртенуіне кінәлілер мемлекетке 23,8 миллиард теңге төлеуі керек, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Шымкент қалалық азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты қорғаныс министрлігінің 4 жауапкерден 25 093 038 236 теңге материалдық залалды өндіру туралы талабы бойынша істі қарады. 4 жауапкердің екеуі – сарбаз.
“2021 жылдың 26 тамызында сағат 18:40 шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданы Қайнар жол торабында орналасқан №28349 әскери бөлімінің инженерлік оқ-дәрілер қоймасының бірінен өрт шығып, одан кейін жарылыстар болған. Нәтижесінде 18 адам қаза тауып, бірнеше адам зардап шекті, сондай-ақ мемлекет пен жеке тұлғаларға аса ірі мөлшерде залал келтірілген”, – деп мәлімдеді сот.
Жауапкерлердің кінәсі 2024 жылғы 13 наурыздағы заңды күшіне енген апелляциялық сот актілерімен дәлелденді.
Жауапкерлер әскери бөлімнің техникалық аумағында №14 инженерлік оқ-дәрілерді сақтау қоймасында өрт шығуына жол бергендіктен, аса ірі мөлшерде шығын келгені анықталды.
Енді олар 23 764 530 881 теңге мемлекет пайдасына материалдық шығынды төлеуі керек.
Дәлел болмағандықтан, қалған 1 328 507 355 теңгені төлемейді.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, бұған дейін Байзақтағы жарылыс бойынша апеллияциялық сот болып, сарбаздарды 13 жылға бас бостандығынан айырды.
Ұқсас жаңалықтар
Семейде заманауи жабдықталған үш полиция бекеті ашылды
- авторkyn.kz
- 14 қыркүйек, 2025