“Сотталған адамның бұрынғыдай болмайтыны белгілі”: Дана Есеева темір тордың ар жағындағы Мейіржан Төребаевтың өзгеріп кеткенін айтты
“Түрмеде отырғандар не жақсы болып келеді немесе жаман болып келеді” деген түсінік бар
Белгілі блогер, кәсіпкер Дана Есеева қаржы пирамидасын құрды деп айыпталған Мейіржан Төребаевтың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол актриса, әнші Әсел Сәдуақасовамен әңгіме-дүкен құрып, сұрақтарына жауап берді.
“Күйеуім туралы жиі сұрап жатады. Оның оқиғасы қоғамда резонанс тудырған болатын. Ол көп қиындық көрді. Үй қамағында болып, одан кейін тергеу изоляторында жатты. Сот шешімі шыққан соң жазасын өтеуге кетті. Заң аясында қысқамерзімді демалысқа келгенде көпшілік шулап кетті. Бірақ заң бойынша жазасын өтеп жатқан адам демалысқа келе алады. Ол да солай келді. Оны кейбір адамдар: “Бір кіріп, бір шығып не істеп жүр?” деп сынаған болатын. Қазір Мейіржанды көру үшін мен Павлодарға жиі барамын”, – деді Дана Есеева.
Айтуынша, күйеуі бұрынғыдай емес, өзгеріп кеткен.
“Түрмеде отырғандар не жақсы болып келеді немесе жаман болып келеді” деген түсінік бар. Сотталған адамның бәрібір бұрынғыдай болмайтыны белгілі нәрсе. Ол қатты өзгеріп кеткен. Өзі табиғатынан мықты, жігерлі адам. Сол болмысы одан сайын нығая түскен. Көп ойланады. Қасында адамдарының басынан кешкен оқиғаларын естіп, анализ жасайды. Кітап оқығандай етіп айтып отырады”, – дед блогер келіншек.