Мәдениет

«Әйелге тән нәзіктіктің қандай болатынын үйреттің»: Айгүл Иманбаева күйеуін туған күнімен құттықтады

Айгүл Иманбаева өзіне тілекші болған жандарға алғысын білдірді

Жақында екінші рет тұрмысқа шыққан актриса Айгүл Иманбаева күйеуін туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Актриса жолдасы екеуін достары таныстырғанын айтып, оған деген ақ тілегін жаудырды.

"Міне, ортақ достарымыз таныстырған кеште, біздің таныстығымыз сонау шет мемлекетте осылай басталды. Қызық, әр адам өзінің өмірлік жарын жүрегімен сезеді екен ғой. Ең бастысы Құдайға деген - сенім. Менің қасымда жаны таза, өресі биік, білімді, дамығанды жақсы көретін, бойында еш комплексі жоқ нағыз азамат болса екен деп Құдайдан сұрайтын едім. Шын тілесең береді деген де осы шығар және “Көптің тілеуі көл” деген. Сіздердің ақ баталарыңызды өнер мен өмір жолымда тұмар қылып тақтым! Жаратқанға алғысым шексіз. Бүгін менің жолдасым Ерланның туған күні. Шын жүрегіммен құттықтаймын. Сен маған әйеге тән нәзіктіктің, еркеліктің қандай болатынын үйреттің. Не нәрседе де шексіздіктің бар екенін үйреттің. Ұл-қыздарымыздың, немерелеріміздің бақытын бірге көруге жазсын жаратқаным. Барлық арман-тілектерімізге бірге жетейік",  - деді өнер иесі.

Айгүл Иманбаева өзіне тілекші болған жандарға алғысын білдірді.

"Маған тілекші болған жандардың бәріне тілек-баталарыңыз мың еселеп қайтсын. Ұрпақтарыңыздың жолы қашанда ашық болсын. Әр әйел бақытты болуға лайықты!", - деп жазды ол.