Спорт

"Темір жинап, өткізіп нан алатынбыз": Елдос Сметов бала кезін еске алды (ВИДЕО)

Бүгінде чемпион атанып сыйлықтың түр-түрін алған спортшы "жұлдыз ауруына" шалдығуы мүмкін емес екенін айтты.

Спортта талай жылғы еңбегі ақталған Елдос Сметов көпшіліктің көкейіндегі сұраққа жауап берді. Оған қазіргі күнгі марапат, сый-құрметтен кейін сыни көзбен қарайтындар көбейген. Тіпті кей адамдар Елдостың өзінен тәкәппарланбай, осыншама елдің ықыласын көтеріп жүрудің сырын сұрайды екен, деп жазды Kyn.kz  тілшісі.

"Мұны еш жерде айтпағанмын. Жұлдыз ауруымен ауырып қалмайсың ба?" деп жатқандар бар. Кейбіреулер көтере алмай қалады деген сияқты. 1998-1999 жылдары қиын кездер болды. Бала кезде темір өткізіп, нан алған кез болды. Ата-анамның біз үшін қалай еңбек етіп жатқанын көрдім. Есімде қалғаннан кейін қазір жұлдыз ауруына жол бере алмаймын. Ауылда тұрдық, әкем қалаға кетіп, құрылыста жұмыс істеді. Анам үйде отырды. Бір табақ ұн үшін біреудің үйін тазалаған сәттері болды. Біреудің үйін тазалап жатқанын көзіммен көріп өстім", – дейді ол.