Қоғам

Басынан бөтелкемен ұрған: Қызылордада әйелін аяусыз ұрып-соғып, суицидке итермелеген полицей сотталды

Алайда ер адам өзіне тағылған айыпты мойындамады

Қызылордада әйелін бөтелкемен ұрып, суицид жасауға итермелеген полицией сотталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Жәбірленуші азаматтық некедегі күйеуінің белгісіз әйелмен сөйлескенін телефонынан көріп қойы, екеуінің арасында жанжал туған. Сол сәтте полицей оны жұлқылап, бірнеше рет аяусыз ұрған. Әйелді еденге құлатып, басынан шыны бөтелкемен ұрғады. Ұялы телефонын тартып алған.

Әйел өміріне қауіп төніп тұрғанын сезіп, күйеуінен құтылу үшін қонақ бөлмедегі лоджиядан секіріп кетеді. Салдарынан денсаулығына "ауыр" дәрежелі зиян келіп, І топ мүгедектігі берілген.

Алайда ер адам өзіне тағылған айыпты мойындамады. 2022 жылғы сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес жәбірленушінің денсаулығына «ауыр» дәрежедегі зиян, ал 2024 жылғы қосымша сараптама қорытындысына сәйкес, жеңіл дәрежедегі зиян келгені бекітілген.

Азаматтық талап бойынша одан материалдық шығын ретінде 4 054 181 теңге және моральдық зиян туғызғаны үшін 5 000 000 теңге өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.