Спорт

«Ломбардқа өткізіп, ақшасын үйге берсем»: Назым Қызайбай алғаш медаль таққанда оны сатуды ойлаған (ВИДЕО)

Ермахан Ибрагимов таққан алғашқы медальін сатып жібермекші болған.

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай алғаш медаль таққандағы сезімі туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы спортшы Әйгерім Сейфоллаға берген сұхбатында әңгімелеп берді. Ол Ермахан Ибрагимов таққан алғашқы медальін сатып жібермекші болған.

«Алғашқы медалімді Қазақстан чемпионатында Ермахан Ибрагимов таққан болатын. Сол кезде Ермахан ағамен суретке түскенмін. Бізге медаль табысталатын уақытта оны алтын деп береді ғой. Қанша дегенмен бірінші орынды иеленіп тұрмын. Медальды алтын деп ойладым. Бірақ шынымен алтын екенін білмедім. Содан «мынаны ломбардқа өткізіп, ақшасын үйге берсем» деген ой келді. Медальдің құны алтындай болды. Білмеймін солай көмектескім келді», — деді ол.