Мәдениет

«35 жаста сияқтымын» Баян Мақсатқызы 50 жаста ана болудың әсерімен бөлісті

Балалар - менің өмірім!

Қазақстандық продюсер Баян Мақсатқызы 50 жаста қайта ана болудың әсерімен бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында бөлісті. Айтуынша, 50 жаста болса да өзін әлі жас сезінеді. Бойынан күш-қайраты кетпеген, керісінше арта түскенін жеткізді.

«Менен 50 жаста ана болудың әсері қандай деп жиі сұрайды. Бір қызығы мен бәрін білемін. Шомылдыру, тамақтандыру, қолыма ұстауды, жұбата да аламын. 20 жыл өтпеген сияқты. Сол баяғы эмоция, сәбидің аңқыған иісі. Көңіл-күйім көтеріңкі жүреді. Сол кездегі әнді әлі де айтамын. Бәрі болған және діл қазіргідей болды. Мен қашан да ана болумен қатар басқа да шаруалармен айналысқанмын. Тек баламен айналысып отырған емеспін. Үлкен қызым екі айға тола сала жұмысқа шығып кеттім. Ал Айаруда 20 күннен кейін-ақ теледидарда жүрдім. Қазір бәрі жылдам болып жатқан сияқты. Алиса туыла сала жаңа жобамды бастадым. Алмуша дүниеге келгенде түсірілімді аяқтап, жаңа жобаны бастап кеттім. Балалар – менің өмірім! Және мен қазір сол 35 жастағы Баян сияқтымын. Ешқандай шаршау, ауырлық жоқ. Тек біраз дана бола бастағандаймын», – деп жазды продюсер.