Спорт

Көшпенділер ойынында қазақ пен қырғыз көкпаршылары төбелесіп қалды

Қазір турнир жалғасып жатыр

Астанада өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қырғызстан мен Қазақстан құрамаларының көкпаршылары төбелесіп қалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Турнирдің финалында таймның соңына 6 минут қалғанда 1:3 есебімен Қырғызстан құрамасы алға шықты. Осыдан кейін екі құрама арасында жанжал басталып кетті. Спортшылар бірін-бірі қамшымен ұра жөнелген. Кейін полиция келіп, оларды ажыратты.

Жарты сағаттық үзілістен соң бәсеке қайта жалғасты. Бірінші тайм Қырғызстан құрамасының пайдасына шешіліп, есеп 1:3 болса, екінші жартысында қазақстандықтар жеңіске жетіп, есеп 3:3 болды.

Қазір турнир жалғасып жатыр.