Спорт

«Әділетсіз болатынын білгенбіз»: қырғыз көкпаршыларының жетекшісі жарыс қорытындысымен келіспейді

Ол Қазақстанның күн құрылымдары тарапынан қысым көргенін айтады

Астанада өтіп жатқан бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында күміс медаль алған қырғыз көкпаршыларының жетекшісі Ерлан Әбдіғаппаров жарыс қорытындысымен келіспейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Әділетсіз болатынын білгенбіз. Бірақ мұншалықты деңгейде қазақтың тақымына бастырып, ысқырып, қазақтың көкпаршыларына 4 салым салдырып, осындай әділетсіздік болады деп ойлаған емеспіз», - дейді Қырғызстан спортшысы.

Ол Қазақстанның күн құрылымдары тарапынан қысым көргенін айтады.

«Бір үш те бір есебімен ұтып жатқанда жеке аттар шыққанда біздің бала артқа қараған кезде құлаққа бастырып, ысқырық беріп, төрт жолы салым салдырды», – дейді ол.

Еске салайық, бүгін көкпардан финал өтті. Онда Қазақстан құрамасы Қырғызстан құрамасын 5:4 есебімен жеңді.