Moody’s Kaspi-дің рейтингтерін инвестициялық деңгейге көтерді
Moody’s халықаралық рейтингтік агенттігі Kaspi Bank-тің ұлттық және шетел валютасындағы ұзақ мерзімді рейтингтерін «Ba1»-ден «Baa3»-ке дейін, инвестициялық деңгейге көтерді.
Болжам - «Тұрақты». Банктік депозиттердің ұлттық өлшем бойынша ұзақ мерзімді рейтингі А2.kz деңгейінде расталды. Сондай-ақ, Kaspi Bank-тің кредит қабілеттілігінің базалық бағасы ba3-тен ba2-ге көтерілді.
Бағаны көтере отырып, Moody’s халықаралық агенттігінің сарапшылары компанияның күшті операциялық және қаржылық көрсеткіштерін атап өтті.
Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе пікір білдірді:
«Moody’s халықаралық рейтингтік агенттігі Kaspi-дің аса сенімді екенін, әлемдік экономикалық қиындық кезеңдерінде де тұрақты болып, дамуға қабілеттілігін тағы да растады. Біздің команда Қазақстанда адамдардың өмірін жақсартатын, шағын және орта бизнестің өсуіне көмектесетін, елді әлемдік инновациялар картасында алға жылжытатын инновациялық онлайн-сервистерді дамытуын жалғастыра береді. Әрбір сүйікті клиентіміз бен серіктесімізге бізбен бірге болғандарыңыз үшін алғыс айтамыз».
Kaspi.kz туралы
Kaspi.kz миссиясы – сүйікті клиенттері мен серіктестерінің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен қызметтерді жасау. Инновациялардың ортасында елдегі ең танымал мобильді суперқосымша Kaspi.kz тұр, оны 14 миллионнан астам қазақстандық пайдаланады және ол елдегі жетекші электрондық коммерция, төлемдер және қаржылық қызметтер сервистерін қамтиды.
Kaspi.kz суперқосымшасының көмегімен қазақстандықтар тегін жеткізілетін тиімді онлайн зат сатып алады, комиссиясыз төлемдер мен аударымдар жасайды, жеке қаражаттарын басқарады, әуе және теміржол билеттерін, турлар сатып алады және ең танымал мемлекеттік қызметтерді пайдаланады.
Сондай-ақ Kaspi.kz бизнес үшін Kaspi Pay суперқосымшасын жасады, оны 700 мыңға жуық қазақстандық кәсіпкер пайдаланады. Kaspi Pay қосымшасы арқылы қазақстандық кәсіпкерлер бизнесті дамытуға қаржы алады, төлем қабылдайды, жарнамалық кампанияларды іске қосады, салық төлейді, электрондық коммерция және жеткізу платформасына қосылады, олардың көмегімен өз тауарларын бүкіл ел бойынша сатады.