Алматыда әскери институтқа қарасты жерден сержанттың денесі табылды
ІІМ бұл ақпаратты растады
Алматыда әскери институттан сержанттың өлі денесі табылды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Әлеуметтік желіде марқұмның 44 жастағы сержант екені туралы ақпарат пайда болды.
ІІМ бұл ақпаратты растады.
"Дерек бойынша Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы, 1-бөлігі ("өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу") бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады ІІМ.