Қоғам

Тағы 16 оқушы: Маңғыстау облысында балалар уланып қалды

Барлық 16 оқушыға ауызша регидратация және инфузиялық терапия жүргізілді

Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында Жұмағали Қалдығараев атындағы жалпы білім беретін мектепте 16 оқушы тамақтан уланып қалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Деректерге сүйенсек, мектеп оқушылары дәрігерлерге іштің ауыруы туралы шағымдармен жүгінген. Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы оқушылардың денсаулық жағдайы тұрақты деп бағаланып, барлығы оқуға қайта оралғанын жеткізді.

“Барлық 16 оқушыға ауызша регидратация және инфузиялық терапия жүргізілді. Барлық балалар үйге оралды. Оқушылардың денсаулық жағдайы тұрақты. Бүгін, 13 қыркүйекте олар мектепке барды”, – деді аймақтың Денсаулық сақтау басқармасы.

Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары оқу орнынан тамақ пен ауыз су сынамаларын алып, сараптамаға жіберді.